Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55)
✅ МАЛ ҚҰЛАҒЫ САҢЫРАУ НЕМЕСЕ ОТАНДЫҚ АРНАЛАРДЫҢ ҚИЯНАТЫ
Қанекей, өзімізге болжамды жағдайды елестетіп көрейік. Сіз бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігін басқарасыз, және олар сіздің нұсқаулығыңыз бойынша жүйелі түрде халықты деградациялаумен айналысады. Олар осы мақсатпен аудиторияның адамгершілігі мен интеллектуалды деңгейін төмендету үшін, сондай ақпарат ағынын қалыптастырады. Мұның ішіне алкогольді бүркемелі насихаттау, жеңіл қарым-қатынас, күйтшілдік, азғырушылық және тағы да көптеген мақсаттар кіреді.
Азғырушылықтың жалған құндылықтары мен жалған дүниетанымында көптеген негіз қалаушы принциптері бар, және олардың барлығын айтарлықтай көрнекі түрде Геббельс сипаттап берген. Бірақ бірінші дәрежелі принциптердің бірі – баламалы пікірдің жоқтығы кепіл болуы шарт. Яғни халық өздерінің деградацияға ұшырап жатқандарын сезінбеулері тиіс. Себебі шындықтың кіп-кішкентай тамшысы өтіріктің барлық үйінділерін әсте-әсте жойып жіберуге қауқарлы. Герман Греф өзінің әйгілі өзін-өзі әшкерелеген экономикалық форумдағы мәлімдемесінде айтқандай – адамдар өздерінің басқарылғанын қаламайды, және бұл расыменде солай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаттарын көрнекі сипаттаған Йозеф Геббельстің: «Халықтан өзінің тарихын алып қойсаңыздар, бір буын ауысқаннан кейін олар тобырға, тағы бір буын ауысқаннан кейін оңай басқарылатын табынға айналады. Маған бұқаралық ақпарат құралдарының берсеңіздер, мен сонда кез-келген халықты шошқаның тобырына айналдырамын. Мыңдаған мәрте қайталап айтылған өтірік, шындыққа айналады. Азғырушылық – сана сезімнен гөрі, сезімге анағұрлым көп әсер етуі тиіс», - деп айтқан сөздері тарих бетінде қалды.
Сондай-ақ, фашисттік Германияның негізін құрған Адольф Гитлердің: «Оларға ғылыми, саяси және басқа да білімдерді өз бетімен үйренуіне мүмкіндік бергеннен гөрі, әрбір ауылға дауыс зорайтқыш орнатып және сол арқылы адамдарға жаңалықтарды хабарлап, музыкамен алдандыру әлдеқайда жақсы. Тек бағындырылған халықтардың өз тарихын радио арқылы өздеріне айту ешкімнің ойына кіріп те шықпасын. Тек жаңалық және музыка, музыка, музыкадан басқа ешнәрсе», - деп айтқан сөздеріде баршаға мәлім. Енді бір сәт әлемдік және отандық арналардың жұмысына назар аударатын болсақ, расыменде олардың баршасы фашисттік көзқараста деген пікірге еріксіз тоқталамыз.
Егер де әлдекім жүйелі түрде шындықтың бетін ашып, және басқару технологияларының шынайы бетпердесін көрсете бастаса, оны міндетті түрде яки аузын жабу қажет, яки беделін түсіру қажет, яки – олар біріншісін де, екіншісін де жасаулары қажет. Кейде бұл екі тәсілдің де іске аспайтын жағдайлары болады, міне сол кезде олар қарсы күресуші белсенді тұлғаларды немесе жекелеген жобаларды емес, керісінше сол идеяның өзін бұрмалап «сандырақ, мағынасыздық» деңгейіне дейін беделін түсіруге тырысады. Бірақ жақсылық әрқашан жеңіске жетері хақ. Егерде ұлт болып ұйыса отырып, бұл жүйеге қарсы күрессек – жеңіс туы біздің жақта болмақ!
ХАЛЫҚТЫ ТЕЛЕАРНАЛАРДАН КЕЛЕТІН БҮЛІКТЕРДЕН ҚОРҒАМАЙ, ҰЛТ ҚАМЫН ОЙЛАУ, ҚОРАНЫҢ ЕСІГІН ҚАСҚЫРҒА АШЫП, ТЕСІКТІ ҚЫМТАҒАННЫҢ ҚЫЛЫҒЫМЕН ТЕҢ!
ҰЛТЖАНДЫ БАУЫРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ